Kyzylorda-news.kz  Қызылордада жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 1116 құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқаруда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада «102» арнасына 918 хабарлама келіп түскен. Ал, жедел басқару орталығының көмегімен 1116 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 347 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 66 жүргізуші, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 51 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. 

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша 67 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау) бойынша 94 құқық бұзушылық анықталды.
Айта кету керек, қоғамдық орында орналасқан бейнекамера көмегімен 3 қылмыс дерегі тәуліктік кезекшілікте ізін суытпай ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар мен құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.


 Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: