Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда  педагогикалық жоғары колледжінде “Бейбіт атом-береке,бірлік,болашақ!” тақырыбында танымдық конференция өтті.

Жиын барысында “Qosyl” жастар ресурстық орталығының директоры М.Жорабек ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы және АЭС-тің маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, шара тақырыбына қатысты ойымен бөлісті. Конференция спикері ретінде химия ғылымдарының кандидаты, профессор Аппазов Нұрбол ашық пікір алмасып, тақырып аясында ғылыми түсіндірме жасады. 
Аталған жиынға оқу орны басшысы Ж.Тоғанова, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Исаева, “Физика, математика және ақпараттық жүйе” бөлімінің меңгерушісі З.Ермекбайқызы және 4 курс студенттері қатысты. Барлығы 80-нен аса білім алушы қамтылған танымдық жиында тақырып аясында ғылыми түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар жаңа ақпараттармен танысты.

Тағы да оқыңыз: