Фото: https://www.instagram.com/svyazkz/

 

Kyzylorda-news.kz. Әрбір қазақстандыққа – жоғары жылдамдықты интернет! Алдына осындай мақсат қойған телеком «LTE везде» атты жаңа жобаны іске қосты.

2020 жылы басталған «250+» бағдарламасының аясында Beeline байланысы еліміздің 1500-ден астам елді мекенінде пайда болды. Сондай-ақ ұялы байланыс операторы осы уақыттың ішінде өз жоспарының шеңберінде 600-ден астам ауылды өз бетінше қамтыды. Ал енді Beeline-ның базалық станциялары орнатылған әр облыста жоғары жылдамдықты 4G болады! Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету компания үшін маңызды міндет болып табылады.

Айта кету керек, соңғы айларда оператор 4G желісін едәуір нығайтты және оны Қызылорда облысындағы қолдану аясын әлдеқайда кеңейтті. Жаңғырту қажеттілігі жыл сайын трафикті тұтынудың артуымен тікелей байланысты. Орташа алғанда оңтүстік аймақтың әрбір тұрғыны айына 20 Гб-тан астам мобильді интернет тұтынады. Салыстырмалы түрде қарасақ, әлемде бұл көрсеткіш небәрі 9,9 Гб құрайды. Тұтыну көлеміне қарамастан Қазақстан ең арзан интернеті бар ТОП-10 елдің қатарына кіреді. 

Beeline жыл санап желіге артып келе жатқан жүктемеге төтеп беру үшін өз желісін дамытуға үнемі инвестиция салады. Өткен 2021 жылы компанияның желіге салған шығындары 57,7 млрд теңгені құрады.

«Интернет пен ұялы байланыс бүгінде адамдар үшін таза су немесе электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілікке айналды. Сондықтан біз LTE-ге барлық жерде қол жеткізуді қамтамасыз етуге тырысамыз. Шалғайдағы ауылдар мен кенттерді байланысқа қосу өте көп еңбекті қажет ететінін түсінген жөн. Өйткені жаңа нысанның орналасу орнын анықтай отырып, радиожоспарлауды жүргізу, жабдықты сатып алу және жеткізу, нысанды салуға және пайдалануға барлық қажетті рұқсаттарды алу, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл процестердің барлығы өте ұзақ, кейде 12 айға дейін созылады», - дейді Қызылорда қаласындағы Beeline-ның техникалық бөлімінің бастығы Юрий Вакуленко.

Безымянный 1.png
Фото: https://www.instagram.com/svyazkz/ 

 

Қызылорда облысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазір 4G байланысы "KAZPETROL GROUP" ЖШС, "Сибу" ЖШС, "Қуат Амлон Мұнай" БК, "Құмкөл Транс Сервис" ЖШС, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ (Қарабұлақ ш/а) сияқты компаниялардың мұнай кен орындарында және бес ауданның (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі және Қызылорда қ.) 18 кентінде бар. 3G/4G жаңа базылық станциилары 9 ауылда, соның ішінде Түктібаев, Абай (Қазалы ауданы), Мәдениет, Дүр-Оңғар және т.б. ауылдарда қамтылған. Сондай-ақ Қызылорда қаласының бірнеше шағын аудандарында да салынып, іске қосылды.

Компанияның мәліметінше, өткен жылы трафикті тұтыну Қызылорда қаласы бойынша 17%-ға және облыстың өзі бойынша 35%-ға өскен.

Естеріңізге сала кетейік, Internet Accessibility Index рейтингіне сәйкес, Қазақстан арзан мобильді интернеті бар ТОП-10 елдің қатарына кіреді, ал елдегі мобильді интернетпен қамту деңгейі 96% құрайды.

Vigo компаниясының деректеріне сәйкес, мобильді интернеттің сапасы бойынша Қазақстандағы №1 байланыс операторы Beeline болып табылады. Бүгінгі таңда Beeline Қазақстанда 10 миллионнан астам абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстанның 30 ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді.
 

Тағы да оқыңыз: