Kyzylorda-news.kz  Баж  алымдарын кері қайтару Салық кодексінің 108 бабына сәйкес  жүргізіледі. Баж  алымы төлем  жасалған орны, жері бойынша  кері  қайтарылады, баж алымын  қайтару  кезінде  электронды  өтінішіңізбен  ( 15 қосымша ) қоса  осы  баж алымын  кері  қайтару  негіз болып табылатын  құжатын  қоса  тіркеп  жолдау қажет.Бұл  ретте  заңдылықтарға  сәйкес заңды  күшіне  енген  сот  шешімі немесе ұйғарымы болуы  тиіс. Егер  салық  төлемгер  баж алымын  қате  төлеген  жағдайда  уәкілетті  жауапты  органнан  осы баж алымын  қолданылмағандығын, ешқандай  іс-шағым  тіркелмегендігін  растап  берген  анықтама  қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық түрін электронды түрде жүзеге асырудың негізгі мақсаты біріншіден халыққа тез әрі сапалы қызмет көрсету болса, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызбау болып табылады. 

−Қазіргі  таңда  барлық  өтініштер 100 пайызға  электронды  түрде  жүзеге асырылады. Барлық салық  төлемгерлері баж алымдарын  кері қайтару үшін  өтініштерін, яғни  15 ші қосымшаларын  қайтаруға негіз болып  табылатын  құжаттарын тіркеп, бюджетке  баж алымына  төлемін  жасаған өз  банктік есеп  шоттарын  көрсетіп,е- салық  қосымшасы  арқылы  немесе  салық  төлемгерінің  кабинеті  арқылы электронды түрде жолдай  алады, − дейді Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыныңТалдау және есепке алу бөлімінің басшысы  Д.Мустафаев.

Баж алымы, 108126 бюлжеттік  сыныптама  коды бойынша  артық немесе  қате жасалған  төлемдерді  қайтару үшін  тиісті  жауапты  уәкілетті органнын  қайтаруға  негіз  болып табылатын  құжаты міндетті  түрде  қажет. 

Салық  кодексінің  заңдылықтарын басшылыққа  ала  отырып  өтініштердің қаралу мерізімі  5 жұмыс  күні  болып  табылады, яғни өтініштер келіп  түскен  күннен  бастап  5 жұмыс  күнінің  ішінде  өңделеді.Салық  төлемгерлерінің  өтініштерін орындау кезінде  кемшіліктер  туындаған  жағдайда, электронды  түрде арнайы түсіндірме  хаттары  жолданады.

 фото:dknews.kz

Тағы да оқыңыз: