Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Баукен Әлмеш «елде заң үстемдігін орнатамыз десек, ең алдымен Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білуіміз керек» деп пікір білдірді.

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғынамыз. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек ең алдымен Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білуіміз керек.Сөздің қадіріне жеткен қазақ ежелден ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып отырған, атап айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы».Қазақстанда Конститутция 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978 жылдары жазбаша түрде қабылданды дегенімізбен дала демократиясына сүйенген қазақ елі ежелден салт дәстүр, белігілі заң қағидаларын басшылыққа алған билер институтымен қоғамдық мәселелерін реттеп отырды. Бүгінгі Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы Ата заң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата бабаларымыздың ар-мен намыстан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірді. Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Конституцияның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін көрсетеді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – ел тәуелсіздігінің көрінісі. Ең бастысы, бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, ел болу жолындағы басты міндеттердің бірі – Конституцияның құрметін арттыру.Ендеше ата заңымыз ел игілігіне жұмыс жасайтынына мен сенемін. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз. Баршаңызды Конституцияның 26 жылдығымен құттықтаймын! Бейбіт ел болып, береке – бірлігіміз арта берсін», – дейді Баукен Әлмеш.

Тағы да оқыңыз: