Kyzylorda-news.kz Батыс Қазақстан облысындағы ет комбинаттары киік етін өңдей бастайды. Өңірде мұндай алты кәсіпорын бар. Ең ірі зауыт – Орал қаласында. Қалғандары Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Алдағы уақытта өңірде дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жалпы табынның 20%-ын, яғни 460 мың басты аулау жоспарланған. Киік аулаумен «Охотзоопромның» төрт бригадасы айналысады.

“Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық мемлекеттік стандарттарды бекітті. Біз консерві өндіріп, оларды дүкендерде сата аламыз. Барлық қажетті рәсімдер орындалды. Сондықтан біз өңдеуге басты назар аударамыз”, – деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Бұған дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде киік етінің шұжықтарының өндірісі іске қосылғаны туралы жазған едік. 

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: