Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысындағы департаменті және прокуратураның бірлескен іс-шарасының нәтижесінде аймақта қорқытып алу, бопсалау қылмыстары мен және есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың 12-і мүшесі ұсталған. Қылмыскерлер сот санкциясымен қамауға алынған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетов мәлімдеді.

«Бүгінде осы топтан зәбір көргенін жеткізген тұлғалардың арыздары бойынша 6 іс тіркеліп, тергелуде. Бүгінгі күні, тергеу әрекеттері әлі де болса жүріп жатқанын ескере отырып, қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінен зиян шеккен облыс тұрғындары болатын болса, Ұлттық қауіпсіз комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүгінуге болатынын қаперлеріңізге жеткізгім келеді», - дейді Батырбек Нұрмағанбетов.  

Прокурор брифинг барысында жол көлік оқиғалары туралы да айтып өтті. 

«Бүгінгі күні 143 жол көлік оқиғасы орын алып, 12 пайызға өсім алған. Ең өкініштісі көлік оқиғаларының салдарынан 122 азамат қайтыс болған. Оның 94-і ер адам, 28-і әйел адамдар, оның 13-і кәмелетке толмағандар. Бұған басты себеп, жылдамдық белгіленген межеден асырып айдау және жол жүру ережелеріне салғырт қарау», - дейді басқарма басшысы. 

318478258_1681289548933217_6772233099389479903_n.jpg

Тағы да оқыңыз: