Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда автожол саласын дамыту жайы қаралды. Жиында көтерілген мәселе бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады. 

Қызылорда қаласы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 793,8 шақырым, оның 715,9 шақырымы қалаішілік көшелер, 77,9 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен қала аумағында жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттің барлық көздерінен 30 млрд.теңгеге жуық қаражат бағытталды. Нәтижесінде жоспарға енген автомобиль жолдары жөнделіп, 1 жол құрылысы жүргізілді. 2 көпір құрылысы мен 4 көпірді күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

Биыл да облыс әкімінің тапсырмасымен жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Ол үшін бюджеттен қажетті қаражат көздері қарастырылған. 

- Бұған дейін салынған, алдағы уақытта құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың және көшелердің сапасына ерекше мән беру қажет. Сонымен қатар, жолдардың жағдайына жүйелі түрде талдау жүргізу керек. Жыл сайын бұл саладағы жобалар саны мен жұмыс ауқымы ұлғайып келеді. Соған сәйкес, халыққа тиімді ұсыныстарыңызды енгізіңіздер, - деді Нұржан Сәбитұлы. 

Жиын соңында қала әкімі тиісті сала басшыларына аталған бағыт бойынша атқарылатын шараларды нақтылап, жоспарға сәйкес орындау мерзімдерін белгілеуді тапсырды. Сондай-ақ, Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен бірлесіп, жол сапасына мониторинг жүргізіп отыруды міндеттеді.

Қала әкімдігі автожол мәселесі 2.jpg

Тағы да оқыңыз: