Kyzylorda-news.kz. Адам – қоғамның негізгі өндірістік күші саналады. Дегенмен ауыр жарақат пен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі, еңбек жағдайларының қалай қамтамасыз етілуі, оның еңбекке деген қабілетінің дамуы мен сақталуы прогрестің даму уақытына тәуелді. Еңбек қауіпсіздігінің шиеліністерін шешудегі жүйелік сәйкестігінің маңыздысы – технологиялық процесс. Сонымен қатар қондырғылар, құрал-жабдықтар. 

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері біздің елде де түйінді қиындықтардың бірі. Ел ұйымдарындағы еңбекті қорғаудың жайкүйі Үкіметінің және өкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Мемлекеттегі кәсіпорындарда еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлармен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады. Тексерулер көрсеткендей, экономика салаларындағы ірі кәсіпорындардың көбінде еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылған. Олар өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестірілген және сол ұйымның басшысына бағынады. 

Соңғы жылдары республика өндірістерінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар тіркелген. Соның салдарынан 300-350 адам қаза тапқан. Мыңдаған азамат кәсіби аурулардан зардап шегеді. Оның ішінде, тау-кен металлургиясы, химия, мұнай химиялық кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызуда. Өңірлерде өндірістік жарақаттану жағдайы бойынша ең жоғары көрсеткіш ШығысҚазақстан мен Қарағанды облыстарында кездеседі. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына ілеспей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі – еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатта «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» жаңа заң шықты. Ол 2004 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді. Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі перспективті және экономикалық жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандырылады. 

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 181-бабына сәйкес, жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге құқы бар. 

Заң шеңберінде еңбекті қорғау ережелерін бұзған қызметтегі адамдар, материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жарақаттану анализі әдістерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажет. Сондай-ақ ақпаратты өңдеу мен тіркеудің, жинаудың кәсіби аурулар мен жарақаттанудың қазіргі кездегі әдістерін білген жөн. Бақытсыз жағдайлар мен апаттардың көп болуы адамдардың бұрыс іс-әрекеттері және жөндеу жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылмауы және дайындық кезеңінің жүргізілмеуінен болады.

Тағы да оқыңыз: