Kyzylorda-news.kz. Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау мақсатында “AMANAT” партиясы Теміржол филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева партия филиалына қарасты бастауыш ұйымдардың хатшыларымен кездесті.
Кездесу барысында ұйым жұмысын одан әрі жетілдіруде келелі ойлар ортаға салынды. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, хатшылардың ұсыныстары тыңдалып, ұйымдастыру жұмыстары пысықталды.
«Жандандыру жұмыстардың аясында бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіріп, олардың іс-әрекетіне тың серпін беру. Бастауыш ұйым жұмысын заман талабына сай жаңғырту жөнінде нақты ұсыныс-пікірлер білдіру. Осы мақсатта екінші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарлары дайындалып, алдағы басым бағыттар айқындалған болатын. Енді осы жайында кең ой-пікірлер алмасу керек»- деді Теміржол партия филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
Бастауыш ұйым хатшылары өздеріне жүктеліп отырған міндеттерді айқын сезінетіндерін, ұйым жұмысын әрі жақсартуға байланысты іс-шараларға белсенді түрде атсалысатындарын айтып тарқасты.

