«Бастау Бизнес»: Жаңақорғанда 392 адамның қаржыландырылды – Kyzylorda News
Басты бет

«Бастау Бизнес»: Жаңақорғанда 392 адамның қаржыландырылды

06.12.2021, 16:00

322 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл Жаңақорған ауданында «Бастау Бизнес» жобасын оқыған 392 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков айтты.

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы жергілікті әкімдіктің берген жолдамасы негізінде 509 азаматты оқытуды ұйымдастырды. Нәтижесінде жоба бойынша оқыған азаматтардың ішінде 392 жаңақорғандық «Еңбек» бағдарламасы аясында 228,6 млн теңге қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін бастап кетті. Әр жобаға берілген қаржы 200 айлық есептік көрсеткіш.

Аудандық филиал директоры Асылжан Жолдасбеков жалпы осы жылдың 10 айында ауданда құны 1,5 млрд теңгені құрайтын 860 жоба қаржыландырылғандығын жеткізді.

Атап айтқанда:

  • «Өңірлік инвестициялық орталық» микроқаржы ұйымы арқылы құны 100 млн теңгеге 14 жоба;
  • «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасымен құны 283,8 млн теңгеге 84 жоба;
  • «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы құны 470,5 млн теңгеге 64 жоба;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы құны 65 млн теңгеге 3 жоба;
  • «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы құны 253,7 млн теңгеге 21 жоба несиелендіріліп,
  • «Еңбек» және «Бизнесті жол картасы – 2025» бағдарламалары шеңберінде 674 жобаға 397,6 млн теңге грант берілген.

Асылжан Жолдасбеков бұдан басқа ауданда салынып жатқан құс фабрикасына 2,8 млрд теңгенің қаржысы тартылғанын айтты. Аталмыш жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылуда.

Жыл басынан Палатаның аудандық филиал кеңесшілері кәсібін жүргізуге ниетті азаматтарға 1425 кеңес беріп, 352 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетті (бухгалтерлік және салықтық есептіліктерін тапсырып, бизнес-жоспарларын әзірлеп берген, т.б.).

Жаңақорған ауданының кәсіпкерлері үшін Палатаның аудандық филиалының мекен-жайы: Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесі, №177 б үй, тел.:8/72435/79120.

0

Пікір қалдыру