Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті биылғы жылы да «Басшылар байланыста» жобасын жалғастыруда.

Жобаның мақсаты – көпшілік орындарда (қызмет көрсету орталықтары, денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, сауда үйлері және т.б.) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтарды қабылдап, өтініш-шағымдарын алу және қажетті кеңес беруін ұйымдастыру. Қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындарға тиісті консультациялық көмектер беріліп, қызмет алушылардың мәселелерін оңтайлы шешу жолдары қарастырылады.

Осы ретте, 2022 жылғы 16 ақпан сағат 10:00-12:00 аралығында, Қорқыт ата көшесі, 73, №6 қалалық емхана ғимаратында «Басшылар байланыста» жобасының алғашқы «Азаматтарды қабылдау күні» шарасы өтеді.

Қабылдау департамент басшысының міндетін атқарушы Берікбол Байхожаевтың және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың қатысуымен өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: