Kyzylorda-news.kz. Басқарма басшысының 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығына сәйкес Баймаханов Дастан Бахытұлы Қызылорда облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Баймаханов Дастан Бахытұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002-2009 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
-2009-2013 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;
-2013-2017 жылдары Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
-2017-2022 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бас маман;
-2022 жылдың 20 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болған.