Kyzylorda-news.kz. Кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары  Жангелді Шаймбетов арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Жангелді Шаймбетов денсаулық сақтау саласының кәсіби мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Медицина саласының мамандары – адам жанының арашасы саналады. Күні-түні дамыл таппайтын медицина мамандары бар құрметке лайық. Сіздердің халық үшін жасаған еңбектеріңіз елеулі. Сондықтан медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру – маңызды рөл онайды. Өз кезегінде науқастардың жағдайын біліп, материалдық базаның әлеуетімен таныстық. Әрине, жаз мезігілінде науқастар саны артады. Осындай уақытта созылмалы дерті азаматтарды профилактикалық емдеуден өткізу керек. Сонымен қатар арушаңдық деңгейін анықтап, қарт кісілерге барынша емдеу іс-шаралары жүргізілген дұрыс. Шын мәнінде, аудандық аурунаға қарасты барлық бөлімшеде сапалы жұмыс үйлестірілген дұрыс. Тазалық сақталса деген талап бар. Дертті ерте кезден анықтау арқылы  Д есепте тұратын азаматтарды ұмытпағанымыз жөн, – облыстық денсаулық басқарма басшысының орынбасары.  

Бұл ретте, аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов  жыл көлемінде медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар жергілікті халықтың денсаулығын жақсарту, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары  Жангелді Шаймбетов іс-сапар барысын қорытындылап, сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді. 
 

Тағы да оқыңыз: