Kyzylorda-news.kz  Жақында Қазалы ауданына облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев келген болатын. Басқарма басшысы бірқатар нысандарды бақылап шықты.

Басқарма басшысы алдымен “Сыр Маржаны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және “Жалаңтөс батыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарында болып, күріш егу мен күрішті суға бастыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Мұнан соң, Талғат Тұрсынұлы “РЗА-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістігіне барып, су үнемдеу технологиясының жұмысын көрді.

Биыл шаруашылық жаңбырлатып суару арқылы 260 гектар аумаққа сүрлемдік жүгері дақылын орналастырды.

Шаруашылықтың тың әдісті пайдаланудағы басты мақсаты – суды тиімді пайдалану.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Талғат Тұрсынұлының ауданға сапары кезінде Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов пен “Қазалысушар” өндірістік учаскесі директорының орынбасары Ж.Садық бірге жүріп, ауданда ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

Тағы да оқыңыз: