Kyzylorda-news.kz Өткен аптада Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесіне арналған баскетболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Биыл 26-шы мәрте ұйымдастырылған тартысты бәсекеде еліміздің әр аймағынан келген 20-ға жуық команда жарыс алаңында өзара бақ сынаспақ. 

Салтанатты шараның ашылу рәсіміне басқарманың бөлім башысы Сағидат Бертай және «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ менеджері Ақтолқын Демесбайқызы қатысып, барша қатысушы командаларға сәттілік тілеп, дәстүрлі жарыстың тартысты өтетініне сенім білдірді. 

– Бүгінде аймағымыздағы барлық спорт түрі қарқынды дамып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Әсіресе облыс намысын әр түрлі деңгейдегі жарыстарда қорғап жүрген баскетболшылар жоғары деңгейдегі бәсекелерде топ жарып жүр. Мінекей, бүгін «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» компаниясының бастамасымен дәстүрлі жарысымыз жалғасып тауып, еліміздің әр аймағынан келген үздік командалар сынға түсуде. Осы орайда барлық жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, үздіктер жеңіс тұғырынан көрінсін, – деді Сағидат Талғатұлы. 

Сондай-ақ, Ақтолқын Сұлтангереева қатысушы командаларға компания атынан алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Баскетболдан республикалық турнир 28 сәуірге дейін жалғасатын болады. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы дипломдар және медальдар табысталады.

Тағы да оқыңыз: