Kyzylorda-news.kz Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттарға берілетін үйде тұрмайтынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халық қалаулысы үйінің интерьер-дизайнын да көрсетті.

“Мен депутаттарға берілетін пәтерде тұрмаймын. Бас тартқанмын. Өз үйім – өлең төсегім. Үйімдегі шкафтан біршама оқырман ою байқап, ризашылығын білдіріп жатыр. Қазақтың үйі болған соң, қазақтың "исі" шығу керек. Аспашамды да әдейі шаңырақ етіп жасаттым. Балалар арасында орысша сөйлей бастаса, "әй, шаңыраққа қараңдар" деп отырамын. Байқадыңыз ба, тіпті ноутбуктың стикерлеріне дейін қазақша. Шынымды айтсам, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келгеніме қуанамын. Егер мен 20 жылдардың басында дүниеге келсем, “қазақ қазақ” деп қудалауға ұшырар едім. Біз бақыттымыз. Бірақ көп нәрсенің қадірін түсіне бермейміз", – деп жазды депутат.

Сонымен қатар депутат балаларының көп тіл меңгеруіне қарсы емес екенін жеткізді.

"Біздің балалар таза қазақ тілінде сөйлейді, керісінше, орысша сөйлеуге қиналады. Көп тіл білгендері жақсы. Бірақ міндетті емес! Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз, қай тілде білім бересіз, сол тілде сөйлейтін болады. Сол тілде ойлайтын болады. Ана тіліңіз қазақ болса, неге сіз өзге тілде шүлдірлеуіңіз керек? Ал балаңыз ше?! Сіз балаға айнасыз, "бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген сөз бекер емес", – деп ойын білдірді халық қалаулысы. 

full_1727674303608594b09006be3a61a576e39215ea7c_webp.webp

Фото: https://www.instagram.com/daulet_mukayev/

Тағы да оқыңыз: