Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау тексерісі Мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа форматта өтіп жатыр.

Қарулы күштер Бас штабы жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов Қызылорда гарнизонында жұмыс сапарымен болып, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында әскерлер бақылау тексерісін тапсырды.

«Бақылау тексерісі әрбір әскери бөлімнің жауынгерлік қабілетін жан-жақты бағалауға, оның ішінде бөлімшелерді ұзақ қашықтыққа жеткізу дайындығын, командирлердің басшылық ету және өз бетінше шешім қабылдаудағы іскерлігін жан-жақты бағалауға, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі машығын бағалауға мүмкіндік береді», – деді генерал-майор Дәулет Оспанов.

Әскерлердің арнайы операциялар кезінде заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес жүргізуде басқа күштік құрылымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қабілетін тексеруге баса назар аударылды.

Тағы да оқыңыз: