Kyzylorda-news.kz. Апта басында Қызылорда облысына Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы Бобров Евгений Петрович және Консул Сорокина Наталья Геннадьевна жұмыс сапарымен келді.
Сапардың мақсаты – өңірмен танысу, марапаттау құжаттарын тапсыру А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапханаға кітап сыйлау.
Меймандар жұмыс сапары барысында Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, Достық үйінің жұмысымен танысты. Масленицаның бірінші күнінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығына барды.
Ардагерлер – жауынгер-интернационалистермен және Ұлы Отан соғысына қатысушы Қалмағанбет Оспановтың отбасымен кездесті. Салтанатты түрде оның ұлына III дәрежелі Даңқ ордені және «Ерлігі үшін» медалінің орден кітапшалары табысталды. Сондай-ақ, А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапхананың «Славяне» орталығымен бірлескен жұмысы туралы мағлұмат алып, Ресей Федерациясының Бас консулдығы атынан балаларға арналған әдеби кітаптарды сыйға тартты.


