ФОТО

Kyzylorda-news.kz. 2023 жылға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарына 94 квота белгіленіп, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 93 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 99%-ға орындалды.

Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру аясында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұратындарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға 2023 жылға облыстық бюджеттен 8316,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен «Pro bono» қоғамдық қорымен 7484,4 мың теңгеге келісім-шарт жасалды.

Әлеуметтік жобаны іске асыру барысында ҚАЖ мекемелері мен бейімдеу орталықтарында 27 семинар-тренингтер өткізілді, оның ішінде 11 психологиялық және 16 құқықтық консультациялар беріліп, 7 аудан мен Байқоңыр қаласында футболдан, арқан тарту және гір көтеру бойынша спорттық шаралар ұйымдастырылды. Есепті кезеңге барлығы 294 адам қамтылды.

Тағы да оқыңыз: