Барлық ауру кешірмегеннен болады – Kyzylorda News
Басты бет

Барлық ауру кешірмегеннен болады

11.04.2021, 12:00

625 0

Kyzylorda-news.kz. Қалай адам ауыра бастайды, солай ол өз кеудесінен кешірім етілуі қажет адамды іздеуі керек. Егер сіз кешірім жасалуы өте қиын адамды тапсаңыз, онда тап сол адамды кешіру керек. Кешіру-демек, азат болу. Сізге қалай кешіруді білу қажет емес.

Ең керегі-кешіруге құлықтылық. Ары қарай сізге Жаратушының өзі көмекке келеді. Біз өз қиналысымызды жақсы түсінеміз. Бірақ кешірім жасауға тиісті адамдардың да қиналысты басынан өткеретінін қабылдау бізге қалай қиын. Сол сәтте олардың өзгеше іс-қимыл жасай алмағандығын түсіну қажет.

Маған адамдар кеңес алуға келген кезде, олардың проблемасының шығу негізіне басым ауырмайды, бұл денсаулықтың нашарлығы ма, ақшаның жетімсіздігі ме, қарым-қатынастың нашарлығы немесе дамымаған талант па-мен бірден тек қана бір нәрсеме, өз-өзіңді жақсы көруді қалай дамыту керектігімен жұмыс жасай бастаймын.

Өзіңді жақсы көруді дамыту

Біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-әрекетімізді мақұлдаған кезде және өз-өзімізбен қалған кезде біздің өміріміз жайнай түседі, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Барлық жерде-кішкентай ғажайыптар. Денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. Біз өзімізді бар жан-тәнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде және өз іс-әркетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз. Осыдан-қоршағандармен ғажайып қарым-қатынас, жаңа жұмыс: біз тіптен жүдейміз, өзіміздің қалыпты салмағымызға ораламыз.

Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау-біздің өміріміздегі оң өзгерістердің кілті

Өзіңді бұлай жақсы көру ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады. Өз басмызды сынау біздің құтылуға тырысқан ойдың бейнесіне әсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып кетуге көмектеседі.

Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз
Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз және бұдан не шығады екен, байқаңыз.

Өзіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді немесе «өзін жақсы көруді» нысана ету емес. Өзін жақсы көру-демек, өз басыңның тірлік кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету.

Өзіңді жақсы көру-демек, бәрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.
Мен жақсы көруді сезінемін:
*өмір процесінің өзіне деген;
Тірі болғаныма қуанамын;
Өзім көріп тұрған сұлулыққа;
Басқа адамға деген;
Білімге деген;
Ойлау поцесіне деген;
Біздің денемізге және оның құрылымына;
Жануарларға, құстарға және барлық тірі құбылысқа деген;
Жаратылысықа және оның қалай құрылуына деген.
Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз?
Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімзді байқайық:
*Біз үнемі өзімізге ұрсамыз және өзімізді сынаймыз;
*Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен және есірткімен улаймыз;
*Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз;
*Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз;
*Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз;
*Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (әйелді) өзімізге тартамыз.

Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ екенін түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: «мен бұған сенбеймін, мен бұған сенбеймін», деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.

Кішкентай балалардың мінсіздігі

Сәби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Және де біледі,олар- Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сәби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәрінің білетінін сіз білесіз.

Сондай-ақ сіз сәби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махабббатттың жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махабббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ балалар денесінің әрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да.

Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадыңыздар.
Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып шығу сирек кездеседі.

Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық салмақпен күреседі, бірақ бәрібір семіз күйінде қалады. Сонда олар өмірлеріндегі барлық проблема-олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық салмақ-тереңірек ішкі проблеманың сыртқы көрінісі. Менің пікірімше,-бұл әрқашан да қорқыныш пен қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің ағзамызда қорғаныс қызметін атқаратын майлармен қапталамазы.

Семіз болғаның үшін үнемі өзіңді тұқырту, артық желінген кесіктер үшін өзіңді кінәлі сезіну-уақыттты босқа өткізу. 20 жыл өткеннен кейін де сіз семіз боласыз, өйткені сіз нағыз проблемаға тіпті де маңайлаған жоқсыз. Сондықтан мен жеке өз басым әртүрлі диеталардан бас тартмаын. Диета көмектеспейді. Жалғыз ғана ұсынысым-бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім семіз болғандықтан өздерін жақсы көрмейміз деп айтады. Ал, мен түсіндіремін: олар өздерін жақсы көрмегендіктен семіз.

Сіз айнаға қарап, «Мен сені жақсы көремін және сен қандай болсаң да сол күйіңде қабылдаймын»,-деп қашан соңғы рет осындай жаттығу жасап көрдіңіз. Мұндай жаттығу күнде азанда қайталанып тұрса, сіз күн өткен сайын өзіңізге деген құрмет оянатынынан сеніңіз.
Біз өзімізді жақсы көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да автоматты түрде ғайып болады…

Нағыз проблема

Сонымен, зиянсыз, құртақандай айнаға қарайды да, пациенттің көңілі бұзылады. Мен масаттаынп күліп: «тамаша, енді біз нағыз проблеманы көреміз» деймін. Мен онымен өзіңе деген махаббатттың маңыздылығы туралы қажеттілікпен әңгімелесемін. Ешқашан, ешқандай сылтаумен ештеңе үшін өзіңді мінеуге болмайды, содан өзің деген махаббат басталады деймін мен. Мен өз пациенттерімнен не үшін олар өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін жасаймын. Олар өте семіз немесе өте арық, өте ақылды немесе өте ақөымақ, өте көріксіз (бұны өте әдемілері айтады). Аңғарсаңыз-әрқашан «өте». Ақырында, істің анығына жетеміз: «мен соншалықты жақсы емеспін». Ура! Міне, нағыз проблемаға жетеміз. Олар өздерін сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге сенуге үйренген.

Біз бүкіл энергиямызды бір проблеманы шешуге жұмсауымыз керек: махаббат жетімсіздігі және өзіңе құрмет!

Отбасы бақыты

0

Пікір қалдыру