Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кеңес отырысы өтті.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 17 тармағы бойынша «Әрбір қала мен ауданда Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекен беру жөніндегі орталықтар құру» мәселесі мен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар барысы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясындағы аймақтық кеңес отырысында қаралып, талқыланды.
Жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның және партия жанындағы републикалық қоғамдық кеңес мүшесі Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы, партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлы және кеңес мүшелері мен тиісті сала өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелерге қатысты кеңес мүшелері тарапынан біршама ұсыныстар айтылып, бұл бағытта атқарылуы тиіс жұмыстар сараланды.
Айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру. Аталған мақсатқа жетудің үш жолы анықталып отыр. Соның бәрі кезең-кезеңмен іске асырылады.