Kyzylorda-news.kz. “Nur Otan” партиясы – еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігі жолында жұмыс істейтін ұйым. Партия бағдары айқын, мақсаты нық екенін дәлелдеп, елдегі іргелі істерге ұйытқы болуымен ерекшеленеді. Саяси науқан алдында жарияланған партияның сайлауалды бағдарламасы – әлеуметтің әлеуетін арттырып, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге, бақуатты қоғам құруға бағытталып отыр.

Атап айтар болсақ, бағдарламада облыс дамуын бағамдайтын 7 негізгі басымдық айқындалған. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарта түсу, қауіпсіздікті сақтау, жастарды дамыту, тарихымыз бен мәдениетімізді мәйекті ету, жергілікті органдар мен қоғам байланысын нығайту – саяси партия алдындағы нақты міндеттер. Көшбасшы партия өзгеріс жолын таңдады. Демек, әр азаматқа лайықты өмір сүруге жағдай жасау – партияның 2025 жылға дейінгі жоспарын айқындаған бағдарламаның басты алғышарты.

Сайлауалды тұғырнамада көшбасшы партия халықтың әл-ауқатының негізі – азаматтарды жұмыспен және тұрақты табыспен қамтамасыз ету екенін атап көрсеткен. Биыл аймақ тұрғындарын жұмыспен қамтуды қолдау аясында кешенді жоспар бекітіліп, ауқымды істер атқарылған болатын. Байырқалы бастама алдағы уақытта да партия қолдауымен іске асырылмақ.
Бұл шара жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Мәселен, алдағы бес жылдықта облыста жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету міндеті қойылып отыр. Ол міндетті іске асыру үшін өңірде 9-дан астам инвестициялық экспортқа бағдарланған жобаларды жүзеге асырып, 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, оның ішінде ірі жобаларды ашуға бетбұрыс жасалмақ. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығару үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, инновациялық өндірістер мен жаңа технологияларды енгізу қолға алынады. Сырттан тасымалданатын өнімдер санын қысқартып, жергілікті өнім өндіруді көбейту де – үлкен мақсаттардың бірі.

Сондықтан өңдеу өнеркәсібімен айналысатын жергілікті кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар игілігімен қолдау көрсету жалғасатын болады. Нәтижесінде жұмыссыздар қатары азайып, аймақ әлеуеті артады.
«Nur Otan» партиясы алдында тұрған межелер – електен өтіп, айқын бағдарланған міндеттер. Уақытпен сыналған, тәжірибеден жинақталған жоспарлар жиынтығы. Сондықтан қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жету – көшбасшы партияның ұлықты ұстанымы.

Бақдәулет Махашов YI шақырылған облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: