Kyzylorda-news.kz.  Баланың бас ұстазы – ата-ана. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады.

Осы ретте, Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағында орналасқан №165 орта мектепте «Балалар мен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, топтық төбелесті болдырмау және өрт, су қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараның мақсаты– әрбір балаға білім мен мәдениеттің негіздерін түсіндіріп, олардың жан-жақты дамуын қадағалау.

Жиналысқа Қазалы АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры М.Бегалиева, мектеп директоры және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Ұрпақ тәрбиесі – ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтарымен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде.

Сондықтан жиынның түйіні – бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болса ғана қоғамды дұрыс бағытта қалыптастыратын саналы ұрпақ тәрбиеленетіндігі айқын екендігіне көз жеткізу.

Оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Бұзақылық, буллинг, интернет қауіпсіздігі, кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыбында дәрістер оқылды.

Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін іс-шаралар кезінде жас түлектердің беймезгіл уақытта жүрмеуі, топтық төбелестерге, кортежге шықпауы, отырыстар жасамауы, электросомокаттармен жүрмеуді, белгіленбеген жерлерге суға түспеулері бойынша ата-аналарға кеңінен түсіндірілді.

Жазғы демалыс уақытында балалардың жеке қауіпсіздігі, оның ішінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажет.

Осы орайда, полиция қызметкерлері жоғарыда айтылған міндеттерді ескере отырып, балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, балаларға деген бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Тағы да оқыңыз: