Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайынғы «Баланы мектепке дайындайық» акциясы жалғасуда. Партия тарапының бастамасымен бірнеше жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан акция еліміздің келешегі, оқушылардың сапалы білім алуына, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуына жол ашып отыр.
Акция аясында партияның Арал аудандық филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов пен партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов оқушылармен кездесіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелерді табыс етті.
Өздерінің ақжарма тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына толағай табыс тіледі. Игі шара партияның аудандық филиалына қарасты барлық бастауыш ұйымына жалғасып жатыр.