Kyzylorda-news.kz Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде дәстүрлі түрде жүзеге асатын «Баланы мектепке дайындайық!» атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл – AMANAT партиясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде кең қолдау тапқан ізгі шара.
Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, олардың балаларының мектепке толық дайындықпен баруына жағдай жасау.
Осы орайда, партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева мен депутаттық фракция мүшесі Әбдіғабит Әбләзім «Бәйтерек» шағын ауданындағы білім ордасына барып, мектеп оқушыларына оқу құралдарын тапсырды.
Бұл бастаманың негізгі міндеттері:
- Мектепке баруға дайындық кезінде қиындық көріп отырған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету;
- Қоғамдағы ынтымақ пен жанашырлықты арттыру, қайырымдылық дәстүрін дәріптеу;
- Әрбір балаға тең мүмкіндік жасап, олардың болашағына сенім ұялату.
«AMANAT» партиясы жыл сайын бұл акцияны тұрақты түрде өткізіп келеді. Республика көлемінде мыңдаған бүлдіршін оқу құралдары мен мектеп киімдерін алып, жаңа оқу жылына шат көңілмен қадам баспақ.
Атап өту керек, өткен жылы партияның қалалық филиалының нысаналы трансфертінен 71, демеушілер есебінен 228 балаға оқу құралдары тапсырылған болатын.
