Kyzylorda-news.kz «Kitap-AMANAT» орталығында жастармен кездесу өтті. Басқосуда  партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы жастармен тағылымы мол туындылар мен заманның заңғар жазушыларының шығармалары жайлы ашық диалог орнатты.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғ. Мүсірепов.

Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Келешек ұрпақтың бойынша білім нәрі мен халқымыздың асыл құндылықтарын сіңіру мақсатында партия тарапы өткен жылы «Kitap AMANAT» жобасын қолға алған болатын.

Бүгінде орталық жұмысы партия белсенділерін, түрлі сала өкілдерін өзінің кең ауқымды тағдаулы туындыларымен қызықтырса, балалар әдебиеті бөлімінде бүлдіршініңізге қызықты ертегі, ой дамытуға арналған логикалық кітаптарды таба аласыз.

Тағы да оқыңыз: