Kyzylorda-news.kz  Жаз басталысымен биік қабаттан құлау оқиғасы жиілей түседі. Екінші, үшінші және одан да жоғары қабаттан құлау фактісі көбіне терезедегі москиттік торды орнатумен байланысты. Тұрғындарға арнайы мекемелерге терезеге тапсырыс беру кезінде москитті торды балалардың бойы жетпейтін жеріне орнатуға немесе басқа да қалқандар арқылы сақтық шараларын қатаң қадағау керек.  

Жел қақтыру үшін ашқан терезеден ауып құлаған сәбилер жетерлік. Олардың бірлі-жарымы жарақаттан жеңіл құтылса, бірі мерт болады. Көп жағдайда дәрігерлер көмектесе алмай мүгедек болып қалуы мүмкін. Биіктен құлау жағдайлары жол-көлік оқиғалары секілді адамның жиі мерт болуына әкеліп соғады. Жоғары қабаттан көбіне жасы беске толмаған сәбилер құлайды. Ал еңбекке жарамды азаматтар арасында мұндай жағдайларға құрылыс мамандары ұшырайды. Әсіресе, егде жастағы азаматтар үшін құлаудың салдары өте ауыр болады. Балалардың москит торынан құлауына ерекше назар аудару керек. Ата-аналарға көпқабатты үйлерде балаларды терезеге жақындатпай, мұқият болған жөн.

Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің дерегінше облыс бойынша 2024 жылы 9 бала, 2023 жылдың 5 айында 5 бала терезеден құлау фактісі бойынша әр түрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жатқызылып, оның біреуі қаза болды.  Зардап шеккендердің негізгі бөлігін 1 мен 7 жас аралығындағы балалар құрайды.

«Қайғылы жағдайлардың көбісі ата-ананың қарауынсыз қалған үйлерде немесе ата-аналардың салғырт қарауынан орын алады. Ойын баласының кез-келген нәрсеге әуестеніп, қолды-аяққа тұрмай, мазасыз күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан сәбиіңіздің өміріне қауіп төнбес үшін, оның әр қадамына абай болғаныңыз абзал.

Қорғау шаралары:

- егер бала үйде болса,терезені ашық қалдырмау;

- терезенің тиісті қорғауы болмаса, торды сенімді тірек ретінде пайдаланбау;

- балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнатады;

- терезе, балкон немесе шыны есіктер алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;

- балалар терезенің алдына шығып, төмен құламауы үшін жиһаздарды терезенің жанына коймау;

- балаларға қауіпсіздік сабақтарын өткізу. Үлкен балаларды кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрету;

- балалар терезені өз беттерінше ашпау үшін терезеге блокиратор немесе оның тұтқасына құлып орнату керек», - делінген ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің хабарламасында.  

 

Тағы да оқыңыз: