Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен Балалар жылына орай «Ұланымыз ұлы елдің!» атты салтанатты жиыны өтті.

Салтанатты жиынға құрметті қонақтар, барлық мектеп тәлімгерлері мен 300-ге тарта жасұландықтар қатысты. 14 мыңға жуық мүшесі бар Қармақшы аудандық «Жас ұлан» ұйымының қатары биылғы оқу жылында оқуда озат, түрлі байқаулардың жеңімпаздары болып жүрген 100 оқушымен толықты.

Балалар жылы аясында «Жас ұланның жұлдызды жылы» жылдық акциясына белсене қатысқан жас ұландар республикалық, облыстық «Жас ұлан» ұйымының және аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Салтанатты жиынның жоғары дәрежеде өтуіне «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы қолдау білдіріп, демеушілік жасады.

Айта кетейік, 2011 жылдың 6 шілдесінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Сол жылдың 26 тамыз күні «Жас Ұлан» ұйымының І құрылтайы өтті. Онда жаңа ұйымның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері сараланып, жұмыс жоспары қабылданды, сонымен бірге ресми нышандары бекітілді. Алғашқы күннен ұйымның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімді қалыптастыру, сапалы білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, еліміздің тарихына, бүгінгісі мен болашағына жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу болып белгіленген болатын және сол бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
 

318593704_1339866793451911_9154440505704145414_n.jpg

Тағы да оқыңыз: