Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен және «Славяне» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Балалар жылына орай Достық үйінің концерт залында «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.

Он тоғызыншы рет өткізілген дәстүрлі фестивальге «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, балалар мен қала тұрғындары қатысты.

Фестивальге келген қонақтар Достық үйінің фойесінде дайындалған Славяне орталығы өнерлі балаларының фотосуреттер көрмесімен танысты.

Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Халилуллаев құттықтау сөз сөйлеп, славян орталығына достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Фестивальде Славяне орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін мектеп оқушылары мен студент жастар, вокалды топтар, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары достық, бірлік және бейбітшілік тақырыптарында халықтық және патриоттық әндер, билер мен өлеңдер орындады.

Шара соңында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова фестивальдің барлық белсенді қатысушыларына алғысын айтты.
 

27.jpg

28.jpg

Тағы да оқыңыз: