Kyzylorda-news.kz. 1 маусым күні Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар үйі алаңында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» атты ұлттық спорт түрлері асық ату, қол күрес және ләңгі тебуден оқушылар арсында жарыс өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша қол күресінен жүлделі бірінші орын №70 мектеп командасы, екінші орын №266 мектеп-лицей командасы және үшінші орын №216 мектеп командасы иеленді.

Асық атудан өткен жарыста жүлделі бірінші орын №276 мектеп, екінші орын №266 мектеп-лицей және үшінші орын №134 мектеп командасы иеленсе, ал ләңгі тебу жарысында жүлделі бірінші орын №204 мектептің оқушысы Б.Жалмахан, екінші орын №249 мектеп-лицейдің оқушысы Б.Қарасай және үшінші орын №204 мектептің оқушысы Д.Елубай иеленіп аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мадақтамасымен марапатталды. 

Сонымен қатар асық ату жарысында үздіктер қатарынан №226 мектеп гимназияның оқушысы Д.Айтуған мен №134 мектептің Ә.Дәулетказин, қол күрес жарысында №70 мектептің оқушысы А.Дәніш пен №226 мектеп гимназияның оқушысы Н.Ергазы және ләңгі тебу жарысында №226 мектеп-гимназияның оқушылары Н.Әуезхан мен Н.Кәден көрініп алғыс хатпен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: