Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен балалар "Тоқты мен Серке" анимациялық филімін тамашалады.
Мақсат – мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.
«Мүгедектігі бар баланың жеке тұлға ретіндегі проблемасы тек есту, көру, қозғалу қабілетінің жоқтығында ғана емес, сонымен бірге ол балалық шақтың әдеттегі әлемінен айырылып, дені сау құрдастарынан өзінің бөлектенуі. Мультфильмді көргенде балалар тек жағымды эмоциялар алды деп ойлаймын» – деп атап өтті "Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының" төрағасы С.Сиюов.
Шараға 30 мүгедектігі бар балалар және ата-аналары қатысты және балаларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Фото: freepik.com