Kyzylorda-news.kz Бүгінгі күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өтініші бойынша Тереңөзек кентіндегі №210 мектептің алдындағы ескі көлік кедергісі алынып, жаңадан талапқа сәйкес  мердігер мекемемен жасанды бұдырлық орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жасанды кедір бұдырлықты басқаша «жылдамдықты төмендету» деп те атайды. Бұл – қозғалыс жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін жүріс бөлігінде жолдың осіне перпендикуляр орналасқан арнайы реттелген биіктік болып табылады. Осындай бұдырлық кедергілері әсіресе мектептер мен балабақшалардың алдындағы өтетін жолдарға балалар қауіпсіздігі үшін аса қажет. Аудан орталығында орналасқан барлық мектеп, балабақша, мекеме және басқа да маңызды жерлерде бұдырлық кедергілері қойылып, қауіпсіздік шаралары сақталған. Одан бөлек кентте орналасқан барлық бұдырлық кедергісі уақытылы тексеріліп, ескіргендерін жаңасына ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі әрқашан басты назарда.  Әсіресе оқушылар қауіпсіздігі аймақ басшысының қатаң бақылауында. Ол үшін арнайы жиналыстар да өткізіп, өткен жылғы кемшіліктерді қайталамауға тапсырма берді. Білім бөлімінің басшысын да сол қауіпсіздікке үлкен жауапты екенін мәлімдеді.

  Өз кезегінде Сырдария аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес аталған кедергілер кент және елді мекендерде алдағы уақытта тиісті орындарға қойылатын болады.

Тағы да оқыңыз: