Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік салада да оң серпін бар. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында даму динамикасы байқалады. Айталық, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 пайызға азайған. Ана өлімі 48 пайызға, сәбилер өлімі 44 пайызға, жарақат, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім 41 пайызға, туберкулезден болатын өлім-жітім 33 пайызға төмендеген.
Кеше ғана аяқталған кезекті оқу жылында облыс мектептерінің 179 869 (мемлекеттік – 172625, жеке – 7244) оқушысы жазғы демалысқа шықты. Оның 8210-ы биыл мектеп бітірді. Түлектердің 7421-і (90,4) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген.
Жылдағы дәстүр ізімен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Осы жылы жергілікті бюджет есебінен аймақтағы 10 лагерьде (7 мемлекеттік, 3 жеке) 8 мыңнан астам баланың демалысы ұйымдастырылды. Демеушілердің қолдауымен үш мың бала еліміздің алдыңғы қатарлы лагерьлерінде тынығады. Бұдан бөлек, тоқсан алты мың бала мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге барады.
Айта кету керек, Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 21 мектептің құрылысы салынады. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады.
Өткен жылы Үкімет басшысы өңірге жұмыс сапарымен келу барысында білім мәселелері де көтерілген болатын. Нәтижесімен бірқатар ұсынған жобаларымызға қолдау білдірілді. Соның негізінде, «Білімді қолдау қоры» есебінен, Қызылордада дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағықұны – 7 млрд 900 млн теңгені құрайтын мектеп-интернат құрылысы басталды.