Kyzylorda-news.kz  Жазғы демалыс басталған кезден қызылордалық оқушылар өз уақыттарын тиімді өткізуде. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қызылорда облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің  аумақтық басқармалар бақылауында 8 қала сыртындағы лагерь бар. 

2024 жылғы 01 маусымнан бастап балаларды қабылдаған сауықтыру орындарында 11 маусымда  облыс бойынша қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарында 1-ші ауысым аяқталды. Бұл кезеңде  922 бала және мектеп жанындағы тынығу лагерьлерінде 51356 оқушы демалыспен қамтылды. 

−Топтасқан тағамнан улану жағдайлары орын алған жоқ.  Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасында тағамнан уланудың алдын алуда барлық  БСҰ тамақтандаруды ұйымдастырушы лагерь басшылары, жеке кәсіпкерлер сауықтыру кезеңі ішінде өндірістік бақылау жасауға аккредиттелген зертханалармен келісім шарт жасасу жолымен өз - өзіне бақылау жүргізуге келісім шартқа отырған. БСҰ қызметкерлері үшін ішек инфекциялары, ботулизм және жаппай тамақтан уланудың алдын алу, БСҰ дайындық барысын ұйымдастыру, БСҰ-на  баратын медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарлары тұрақты ұйымдастырылып отырады. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармалар тарапынан балаларды сауықтыру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйіне мониторинг жалғасуда, − дейді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Ерлан Ұзақбаев.

Қазіргі таңда лагерлердің барлық үй-жайлары мен аулаларына бірінші ауысымнан кейінгі жуып-шаю, профилактикалық дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізілуде. Әрі қарай екінші ауысым 13 маусымнан басталады деп жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: