Балабақшалар жұмысын жалғастыра береді – Асхат Аймағамбетов – Kyzylorda News
Басты бет

Балабақшалар жұмысын жалғастыра береді – Асхат Аймағамбетов

12.03.2020, 12:40

1250 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус жоқ. Балабақшалар жұмысын жалғастыра бергені дұрыс.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектеп оқушыларының каникулы 21 наурыздан басталуы керек болатын, осы жағдайға байланысты 16 наурыздан, яғни ертерек басталады. Каникул аяқталғанға дейін эпидемиологиялық ахуалды қадағалап отырамыз, егер басқадай жағдай орын алса – қашықтықтан оқыту технологиясына сүйенуге тура келеді», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, балабақшалар жұмыс істей береді.

«Қазақстанда коронавирус жоқ, сол себепті балабақшалардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Вирус анықталған жағдайда (коронавирус – автор) жедел шаралар қабылданады», – деді ол.