Kyzylorda-news.kz Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
1989 жылы «Бала құқығы» туралы конвенция, 2004 жылы «Бала құқығы» туралы заң қабылданды. Осыған орай, зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы іс-шаралар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының курс тренері Гүлвира Жалгасбаева «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында білім беру қызметкерлеріне 80 академиялық сағаттық курс өтті.
Курста балалардың құқығын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және де зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жасөспірімдермен жұмыс істеу барысы айтылды.
Курс барысында кері байланыс және рефлексия, оқытудың белсенді және интерактивті әдістері, дидактикалық ойындар, жағдайды талдау, миға шабуыл, үнсіз шабуыл, кейс-стади, пікірталас, рөлдік ойындар, диалог алаңы, жоба әдісі, проблемалық әдісті түрлері қамтылды.
Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Тек сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Мереке Даниярова,
Абай атындағы дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
сыныптары бар мектеп психологі