maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

Рейдтік іс-шараларға білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының қызметкерлері тартылуда.

Профилактикалық жұмыстар жас¬тар көп шоғырланатын орындарда және мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағалануда. Бірлескен бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады. Қазіргі таңда жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында мектептен тыс уақыттарда құқық бұзушылықтар мен қылмастар орын алуда. Осы орайда ата-аналар¬дан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыт¬тары көшеде жүрмеуін қатаң қадағалауды сұраймыз, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жә¬нібеков.

Айта кетейік, балалардың түнгі уақытта көшеде жүруіне қатысты заңда жауапкершілік көзделген. Ата-аналарға, заңды өкілдерге кә¬мелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде анықталса, 3 АЕК мөлшерінде (10350 теңге) айыппұл салынады. Ал түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады. Егер ұқсас дерек 1 жыл ішінде тағы қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл (24150 теңге) қарастырылған.

Айта кететіні, тек заңды өкілдер ғана баланы аудандық полиция бөлімінен алуға құқылы.

 

Тағы да оқыңыз: