Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының көлемінде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде. 

Бала құқығын қорғауға арналған республикалық акция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Аудан әкімінің салалық орынбасарымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, акция барысында жүргізілген рейдтік іс-шарада аудандағы сауда үйлері, орталық алаң, көлік жуу орталықтары, құрылыс алаңдары барлығы 23 нысан тексерілді. Онда талапқа қайшы келген құқық бұзушылық деректері тіркелген жоқ. 

Сонымен қатар  түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп келеді. 

Елімізде бала еңбегін заңсыз пайдалану, бала құқықтарының бұзылу фактілері жыл сайын орын алуда. Оқу жылы аяқталысымен, жаз мезгілінде көптеген балалар өздігінше ақша табуды қалайтыны рас. Осыған байланысты, аудандағы жұмыс берушілер мен ата-аналарға кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын сақтауы маңызды.

Тағы да оқыңыз: