Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық полиция бөлімінде қызметіне адал болып, аянбай қызмет еткен полиция қызметкерлері марапатталды.
Арал аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Шүкіров Қуанышбек Сәнтайұлы ҚР ІІМ-нің құзырымен ІІІ-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы полиция капитаны Сүлейменов Нұрлан Байтақұлына, Қызылорда ОПД-ті бастығының бұйрығы негізінде «Полиция лейтенанты» кезекті арнаулы атағының офицерлік погонын бөлімнің әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау тобының инспекторы полиция аға сержанты Тобажанов Самат Күшікбайұлына табыстады.
«Біз бұл қызметте ортақ іс жасаймыз - қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаймыз», - деп сөз алған полиция полковнигі Қуанышбек Сәнтайұлы марапат иелеріне бөлімнің жас қызметкерлеріне үлгі боларлықтай атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, өздерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында халықаралық іздеуде жүрген тұлғаны ұстап, бөлімге жеткізіп белсенділік танытқандары үшін бөлімнің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жолтай Бақытжан Ерғалиұлын және ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қалмағамбетов Аян Жұматайұлын бөлімнің Алғыс хатымен марапаттады.
«Қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесімді ескеріп бөлімнің марапатын алғаныма қуаныштымын. Марапат жауапкершілікті арттыру үшін беріледі, ел тыныштығын қорғаудағы қызметімді адал атқаратыныма сенім білдіремін», - дейді полиция капитаны Бақытжан Ерғалиұлы.


