Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы “Мақпалкөл ауылдық округі” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Менің отбасым» атты отбасылық эстафеталық сайыс өткізді.
Шараның мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сыйластықты, бірлікті арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Эстафеталық жарысқа бірнеше белсенді отбасылар қатысып, ұйымшылдықтары мен ептіліктерін ортаға салды. Әрбір сайыс отбасылар арасындағы бірлікті нығайтып, баланың жан-жақты дамуына ата-ананың үлесін арттыруға бағытталды.
Сайыс нәтижесі бойынша “Жалын” командасы- “Белсенді команда” номинациясымен марапатталса, “Сұңқар” командасы ІІІ орынмен, “Қарлығаш” командасы ІІ орынмен қанғаттанды. Жарыста топ жарып жүлделі І орынды “Қыран” командасы иеленді.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Отбасы – қоғам негізі екенін ұғындырған бұл шара көпшіліктің көңілінен шықты.