Kyzylorda-news.kz. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бақылаушылардың қызметі зор жауапкершілікті талап етеді. Себебі, мекеменің бақылаушылары сотталғандарды қадағалау жұмыстарын және мекемені, сотталғандар жұмысқа орналастырған өндірістік объектілерді, режим талаптары бекітілген, оларға іргелес жатқан аумақтарды күзетеді. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің 14 бақылаушысы қызмет атқарады.
Мекеменің бақылаушылар қызметі жазасын өтеушілерді мекемелерден өндірістік объектілерге және кері қарай айдауылдау, сотталғандар орын ауыстырған кезінде оларды күзету, күзеттен қашқан адамдарды іздестіру және ұстау, топтық бағынбаушылықтарды және жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату және мекеме аумағына адамдардың кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), құжаттар мен бұйымдарды кіргізу (шығару), сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің, азаматтардың және өзге де тұлғалардың мекеме аумағына арнайы рұқсаттар бойынша кіру және болу тәртібін ұйымдастыру бойынша өткізу тәртібін жүзеге асырады.
Бүгін мекеменің бақылаушылар қызметі бастығының міндетін атқарушы Әзімхан Рахманов пен кадр саясаты тобының аға инстекторы әділет капитаны Д.Оспанов мекеме бақылаушыларымен жиын өткізді.
Жиын барысында әділет капитаны Д.Оспанов бақылаушыларға сыбайлас жемқорлықты болдырмау,алдын алу бағытында түсіндіріп, қызмет барысында қызметтік тәртіпті, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауды назарларына жеткізді. Ал әділет майоры Әзімхан Рахманов мекемеде жазасын өтеуші сотталғандармен байланысқа түспеу керектігін және қызмет бабында заң аясында жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.

