Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Н.Ахатов Байсын ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесті. 

Кездесуге ауыл ақсақалдары, қауымдастық мүшелері, ауыл тұрғындары жиналып, ауылдағы маңызды мәселелер жайын сөз етті.

Ауыл халқы ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мол екенін айтып, осындай игілікті істер жалғасын тапса деген тілегін жеткізді.

«Батаменен ел көгерер» демекші, ауыл ақсақалдары аудан басшысының алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Тағы да оқыңыз: