Kyzylorda-news.kz. Биыл Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімімен пробациялық бақылауға алынған 11 сотталушының жаза өтеу тәртібін орындамағаны үшін  жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған. Бұл туралы Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімі мәлімдеді.

Мәселен, Байқоңыр қалалық сотында Қарағанды облысы  Жезқазған қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 106-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралған.

«Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады. Осыған орай, сотталушының бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотпен жүктелген міндеттерді орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау әр сотталушының міндеті болып табылады. Егер, бұл талаптар орындалмаған жағдайда, заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығын ескерген жөн», – дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны А.Танбаев.

Тағы да оқыңыз: