Kyzylorda-news.kz. Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша, баланың мәйіті Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті.

“Мәйітте басқа дене жарақаты жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ”, – делінген ақпаратта.

Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыз: