Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындық қалай жүріп жатыр? (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындық қалай жүріп жатыр? (ВИДЕО)

08.04.2021, 9:33

485 0

Kyzylorda-news.kz.  «Союз МС-18» ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үшін «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағына орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұшыру алаңындағы дайындық жұмыстары қалай жүргізілгенін видеодан тамашалаңыз

«Союз МС-18» ғарыш кемесі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімімен аталады. Сондықтан батырдың суреті мен оның ғарышқа ұшуының 60 жылдығының ресми рәміздері зымыран тасығыштың сыртқы бөлігіне бейнеленген.

«Союз-2.1а» зымыран тасығышы мен «Союз МС-18» басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.42-ге жоспарланған.

Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын 65-ші экспедиция құрамында Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий мен Петр Дубров және NASA астронавты Марк Ванде Хай бар. Олар негізгі экипаж құрамында. Ал экспедицияның қосымша экипажының құрамында – Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев және NASA астронавты Энн Макклейн болады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыру сәтін тікелей эфирде тамашалауға болады. Тікелей эфир roscosmos.ru сайтында көрсетіледі.

0

Пікір қалдыру