Kyzylorda-news.kz. “Союз МС-18” ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үшін “Союз-2.1а” зымыран тасығышы “Байқоңыр” ғарыш айлағына орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұшыру алаңындағы дайындық жұмыстары қалай жүргізілгенін видеодан тамашалаңыз
“Союз МС-18” ғарыш кемесі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімімен аталады. Сондықтан батырдың суреті мен оның ғарышқа ұшуының 60 жылдығының ресми рәміздері зымыран тасығыштың сыртқы бөлігіне бейнеленген.
“Союз-2.1а” зымыран тасығышы мен “Союз МС-18” басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.42-ге жоспарланған.
Халықаралық ғарыш станциясына ұшатын 65-ші экспедиция құрамында Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий мен Петр Дубров және NASA астронавты Марк Ванде Хай бар. Олар негізгі экипаж құрамында. Ал экспедицияның қосымша экипажының құрамында – Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев және NASA астронавты Энн Макклейн болады.
“Байқоңыр” ғарыш айлағынан зымыран ұшыру сәтін тікелей эфирде тамашалауға болады. Тікелей эфир roscosmos.ru сайтында көрсетіледі.