Байқоңырда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Байқоңырда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

18.11.2019, 16:40

242 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімідігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

50 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері 35 автокөлікпен базар бағасынан 15-20% төмен бағада тұтынушыларға ұсынылды.

Жәрмеңкеге шығарылған өнімдерді атап айтсақ, күріш, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, асқақбақ, қарбыз, қауын, кондитер өнімдері мен макарон өнімдері, балық түрлері сатылымға шығарылды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөліміндегі жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, күріш пен балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды.

Алдағы уақытта да қалада бағаны тұрақты сақтау мақсатында мұндай шаралар жалғасын табатын болады.

0

Пікір қалдыру