Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында 53 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 9 ақпан сағат 18.30 шамасында орын алды. Байқоңыр қаласындағы «Маяк» спорт кешені тұсында 1968 жылы дүниеге келген азамат дарияға батып кеткен.

Байқоңыр қаласында тұрған азаматты іздестіру жүмыстарына 4 құтқарушы жұмылдырылды.

«Дарияға балық аулау мақсатында қайықпен 4 адам шыққан. Мұз жарылып, бір адам суға батып кетеді. Қасындағы адамдардың оны құтқаруға мүмкіндігі болмаған. Төтенше жағдайлар департаментіне бұл жөніндегі хабар 20.00 шамасында түскен. Қазір оқиға орнында 2 құтқарушы, 2 сүңгуірлер тобы бір қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізуде», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Тағы да оқыңыз: