Kyzylorda-news.kzТәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күні-еліміз үшін елеулі мерекелі дата. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Елімізге қорған бола білген жандардың ержүрек істері кейінгі ұрпақ өкілдеріне үлгі болып қала беретіні анық.
7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Байқоңыр қаласындағы «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінде бірлестік мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиында «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» Ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр қаласындағы төрағасы Ануар Дауленбаев ардагерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара барсында ардагер Ердаулет Алиевке облыстық филиал директоры А.Шуреновтің «ГСВГ ардагері» төсбелгісін, «Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобына 75 жыл» медалін және «Германиядахалықаралық борышын өтегені үшін Жауынгер-Интернационалист» төсбелгісін табыстады.
Бүгінде тыныш өмір сүруіміз ардагер аталарымыз мен ел қорғаған батырларымыз қалыптастырған берік бірліктің арқасы.